Нидерланды әлеуметтік қашықтықты ұстану режимін тоқтатады

658

Бұған дейін Дания елі Еуропада бірінші болып індетке байланысты енгізілген барлық шектеуді тоқтатқан еді.

Нидерланды әлеуметтік қашықтықты ұстану режимін тоқтатады Фото: reuters.com

Қыркүйек айының соңында Нидерланды міндетті әлеуметтік қашықтықты ұстану режимін тоқтатады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews.com дерегіне сілтеме жасап. Ресми мәлімет бойынша, бұл елде 12 жастан асқан ел азаматтарының 80%-ға жуығы толық вакцинациядан өткен. 

Бірақ тұрғындар барларға, мейрамханаларға, театрларға және басқа да қоғамдық орындарға бару үшін екпе қабылдағанын растайтын "жасыл паспортты" көрсетуге міндеттеледі. 

"25 қыркүйектен бастап міндетті түрде бір жарым метрлік қашықтықты сақтау режимінен бас тартанымызды жариялаймын. Әрине, мұндай шектеуді сақтау тиімді болар еді. Бірақ бұл шара бұдан былай міндетті болмайды",– деді Нидерланды Премьер-министрі Марк Рютте. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Дания елі Еуропада бірінші болып індетке байланысты енгізілген барлық шектеуді тоқтатқан еді. Яғни енді шектеулер саны 1 қазанға дейін біртіндеп қысқартылады. Мейрамханаларға, спортзалдарға және түнгі клубтарға кіру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді. COVID-19 жұқтырған адаммен байланыста болған балалар бірден үйге жіберілмейтін болды. Карантинге тек коронавирус дертімен ауыратын науқастар жіберіледі. Дені сау азаматтар кеңселерге, ал балалар мектептерге орала бастайды.

Ұлыбританияда 12-15 жас аралығындағы сау балаларға Pfizer/BioNTech препаратының бір дозасын егу туралы шешім қабылданған еді. The Guardian дерегі бойынша, қазіргі уақытта балаларға арналған вакцинация Англияда мақұлданды. Процесс келесі аптада басталады. Енді Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия жақын арада осыған қатысты шешімін жариялайды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу