Нидерланд Астанаға 1 мың түп қызғалдақ жөнелтті

784

Нидерланд Астанаға 1 мың түп қызғалдақ жөнелтті

Голландиядан қызғалдақтың жаңа түрінің 1 мың түбі Астанаға жеткізілмек, деп хабарлайды 24.kz.

"Арман Қала" деп аталған гүлдің өзгеше түрі Астананың 20 жылдығына тарту етіледі. Нидерланд гүл өсірушілер тобы ұйытқы болған іс-шараға сол елдегі Қазақстан елшілігі де қолдау білдірді.  

Мамандардың айтуынша, қызғалдақтың жаңа сұрпын шығаруға 25 жыл уақыт керек. Ян ЛиХтХарт гүл баптаумен 47 жылдан бері айналысады. Бұл іске 12 жасынан бері қызыққан ол үйінің ауласында гүлдің жаңа сұрпын дайындаумен әуестенеді. Ян бүгінде екі ұлымен бірге қызғалдақтың үш мыңға жуық түрін өсіріп отыр. Қазақстан осы қызғалдақтардың түпкі отаны екенін ол жақсы біледі.

"Сіздің ел керемет әдемі. Әсем таулар мен шырайлы қалаларыңыз бар! Қысы суық, жазы Голландияға қарағанда құрғақ әрі жылы. Мұндай күн райы қызғалдақтардың табиғи жолмен өсуіне ыңғайлы. Ал бізде мұнда гүлдерге жасанды жолмен жылу береміз. Гүлдің түпкі отанында жердің тастан жылу алатынын оқығаным бар. Енді соны көру үшін Қазақстанға барғым келеді", - дейді  Ян ЛиХтХарт.

Ян ЛиХтХарт гүл баптаумен 47 жылдан бері айналысады екен. Бұл іске 12 жасынан бері қызыққан ол үйінің ауласында гүлдің жаңа сұрпын дайындаумен әуестенеді. 

Алдағы екі аптада Голландияда гүлдің жаңа сұрыбының атауына қатысты сертификат беріледі. Астана күні қарсаңында "Арман Қала" гүлінің мың данасы елордаға әкелінеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу