Нидерланды – ел экономикасындағы ең ірі инвестор

953

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға тартылған инвестициялар бойынша көшбасшылар үштігіне Нидерланд (200 млрд доллар), АҚШ (90 млрд доллар), Швейцария (55,8 млрд доллар) кірді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі, Сыртқы істер министрлігі және "Қазақ инвест" компаниясы өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Нидерланды – ел экономикасындағы ең ірі инвестор

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға барлығы 670 млрд доллардан астам қаржы тартылды. 

"Елдер бөлінісінде ең көп Инвестициялар Нидерландтан тартылады (бірінші жартыжылдықта үлесі – 29,6%, екінші орында АҚШ – 18,8%, одан кейін Швейцария, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания келеді", – деді СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Зейнешев.

Тағы бір ірі инвестор – БАӘ. Олардан шамамен 6 миллиард доллар тарту туралы декларацияға қол қойылды.

"БАӘ – біздің стратегиялық инвестициялық серіктесіміз. Олар құрылыс, қаржы, білім беру, туризм, энергетика сияқты түрлі салаларда айтарлықтай инвестициялық мүмкіндіктер мен құзыреттерге ие. БАӘ Қазақстандағы ең ірі жиырма инвестордың қатарына кіреді", – деді Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров.

Бізден кетіп қалған инвесторлар да бар. Олар қиындықтармен бетпе-бет келген. Атап айтсақ: инфрақұрылымның дамымағандығы, кедендік және салықтық әкімшілендіру мәселелері, көші-қон және визалық мәселелер қиындық туғызады.

"Бізде диалог алаңдары бар. Көптеген мәселе инвестициялық штаб, инвестициялық омбудсмен деңгейіне шығарылады. Инвесторларды ұстап қалу үшін шешім табуға тырысамыз", – деп атап өтті Ерлан Зейнешев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу