Нидерланд компаниясы Жамбылда фри-картоп зауытын салмақшы

790

Шуда 240 жаңа жұмыс орны ашылады. 

Нидерланд компаниясы Жамбылда фри-картоп зауытын салмақшы

Жобаның құны 145 млн доллар деп бағаланып отыр. Шу ауданында бой көтеретін өндіріс ошағының келешегін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Корольдіктің Төтенше және өкілетті елшісі Андре Картенс талқылады. Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарты ғасырлық тарихы бар Farm Frites Beheer B.V. компаниясының еншліес ұйымы жергілікті "К-Агро Холдинг" кәсіпорнымен бірге зауыт салып, 240 адамды жұмыспен қамтымақ. Келіссөздер әрі қарай кедергісіз жүре берсе, өндіріс 2023 жылға қарай іске қосылуы керек.

"Басты міндет – құрылысқа тезірек кірісу. Уақыт өтіп жатыр. Мұндай кәсіпорын бізге керек және өнімін экспортқа шығарамыз", – деді Бердібек Сапарбаев елшіге.  

Жамбылдық кәсіпорын басшысы Жеңіс Өсербай нидерландық компания зауыт салмай тұрып әуелі өңірдің картоп өндірісне қаншалықты қолайлы екеніне көз жеткізгілері келетінін айтады. Инвесторлар 65 гектар алқапқа картоп егіп, өнімділік қалай болатынын өз көздерімен көрмекші. 

Бұл өндіріс ошағы фри-картоп өндірісіне арналған еліміздегі екінші жобаболмақ. Павлодар облысындағы жобаның құны 20 млн доллар болса, Жамбылға салынатын инвестиция көлемі – 145 млн доллар. Жоба сәтті ісе асса, жылына 70 мың тонна картоп өңделмек.  

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу