Нидерланд Премьер-министрі Ресеймен қарым-қатынасты қалпына келтіру қажеттілігін мәлімдеді

456

Нидерланды Премьер-министрі АҚШ-қа ресми сапармен келді.  

Нидерланд Премьер-министрі Ресеймен қарым-қатынасты қалпына келтіру қажеттілігін мәлімдеді Фото: eadaily.com

Ресей Еуропаның үлкен бөлігі болып қала береді, Украинада бейбітшілікке қол жеткізгеннен кейін онымен қарым-қатынасты қалпына келтіру қажет болады, деді Нидерланд көшбасшысы Марк Рютте, деп жазады Inbusiness.kz.

"Ресей ешқайда кетпейді, Ресей - осында, ол әрқашан Еуропаның, сондай-ақ Азияның үлкен бөлігі болып қала береді. Бұл әлемдегі ең үлкен ел... Егер Украина бойынша бейбіт келіссөздер жүргізіліп, олар сәтті аяқталса, онда қандай да бір жолмен Ресеймен қарым-қатынасты қалпына келтіруге тура келеді", - деді Рютте Вашингтондағы Атлантикалық кеңестің американдық талдау орталығында сөйлеген сөзінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу