Нидерланд соты Ұлттық қор қаржысына қатысты бас банктің өтінішін қанағаттандырды

823

Нидерланд соты Ұлттық қор қаржысына қатысты бас банктің өтінішін қанағаттандырды

2018 жылғы 23 қаңтарда нидерландтық сот Bank of New York Mellon банкінің кастодиалдық сақтауындағы Ұлттық қордың активтерінен шектеуді жою жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өтінішхатын қанағаттандырды. Бельгияда ұқсас талап-арыз бойынша сот процесі әлі аяқталмады, деп хабарлайды ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметі
2017 жылғы 6 маусымда ағылшын соты Статидің тарапынан орын алған алаяқтық фактілерге дәлел жеткілікті деп таныған еді. Нидерландтық соттың шешімі Қазақстан Республикасы позициясының және оның ұсынып жатқан дәлелдерінің негізділігін тағы бір растады. 
Министрлік Стати активтерге шектеу қою бойынша өзінің заңсыз әрекеттерін жасап жатқан әрбір юрисдикцияда оның заңсыз іс-әрекеттерін дәлелдеу бойынша жұмысты жалғастыруда. 
Активтерден шектеулер жойылған соң Қазақстан Республикасы қамтамасыз ету шаралары жөніндегі сот процестері барысында тартқан шығындардың барлығын өтеуге, сондай-ақ төрелік шешімді мәжбүрлі түрде орындауға бағытталған Статидің талап-арыздарына шағым беру талпыныстарын жалғастырады.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы АҚШ-та және Ұлыбританияда Статиді және басқаларын алаяқтық фактілерінде айыптау бойынша қарсы талап-арыздар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу