Нидерланд технологиялары Қазақстан медицинасында қолданылады

446

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халықаралық нарықтар бөлімінің басшысы, Роял Филипс (Royal Philips) компаниясының вице-президенті Эдвин Паалвастпен кездесті.  

Нидерланд технологиялары Қазақстан медицинасында қолданылады

Тараптар ынтымақтастықтың әр қырлы бағыттарын іске асыру бойынша бірлескен Жол картасын әзірлеуге ниетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Кездесу барысында тараптар ҚР-да медициналық жабдықтар өндірісін орналастыру, кардиологияны, Ана мен бала денсаулығын сақтау орталықтарын бірлесіп дамыту, жоғары технологияларды қолдану арқылы инсульт бағдарламаларында қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін, оның ішінде электрондық денсаулық сақтауды жаңғырту жобаларындағы әріптестік сияқты бірқатар бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты талқылады", - делінген хабарламада.

Тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықтың жоғарыда аталған бағыттарын іске асыру бойынша бірлескен Жол картасын әзірлемек.

Ажар Ғиният сондай-ақ Royal Philips компаниясының өкілдеріне қазақстандық заңнаманың артықшылықтары мен технологиялар трансферін және өзіндік дәрілік препараттар өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу