Нидерландта бастауыш мектептер өз жұмысын бастады

513

Сонымен қатар 11 мамырда шаштараздар мен кітапханалар да ашылды. 

Нидерландта бастауыш мектептер өз жұмысын бастады

Нидерланд билігі коронавирус пандемиясымен күреске байланысты қабылдаған шектеу шараларын 11 мамырдан бастап қысқартады. Бүгіннен бастап балабақшалар, бастауыш мектептері, шаштараздар, сән салондары мен кітапханалар жұмысқа кіріседі. Бірақ олар клиенттерді алдын ала жазылу бойынша қабылдап, олардың аурудың белгілері бар-жоқтығына көз жеткізуі керек. Бастауыш мектептеріндегі әрбір сынып екі топқа бөлінеді де, олар сабаққа кезек-кезекпен келеді. Ал мектепке бармаған күні сабақты онлайн түрде оқиды. 

1 маусымнан бастап шектеулерді жоюдың жаңа кезеңі басталады. Қоғамдық көліктердің жүруіне рұқсат беріледі, бірақ жолаушылар мен қызмет көрсетуші персонал міндетті түрде маска киюі қажет. Сондай-ақ мейрамханалар, театрлар мен кинотеатрлар ашылады. Мұндай қоғамдық орындарда адам саны 30-дан аспауы керек және 1,5 метрдей ара қашықтық сақталуы қажет деп бекітілген. 
Ал 2 маусымнан бастап орта мектептер бұрынғы режиміне оралады. 1 шілдеде дәмхана, мейрамхана, кинотеатрларға келушілердің санын 100-ге дейін көбейтуге рұқсат етілген. 

Соңғы мәлімет бойынша, Нидерландта коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 42,6 мыңнан асып, оның 5,4 мыңы қаза тапқан. Жергілікті билік егер індет қайта өршісе, шектеу шаралары сол қалпында қалады деп ескерту жасады.

Табиғат Нұрболат

Фото: dutchnews.nl

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу