Оның қадамын қолдап, партиядағы барлық министрлер де отставкаға шықты.
DW дерегінше, бұл жағдай Нидерланды саясатына айтарлықтай өзгеріс әкелмейді, себебі коалиция бұған дейін-ақ PVV партиясының кетуімен көпшіліктен айырылған еді. Қазір премьер-министр Дик Схоф басқаратын үкіметте тек VVD мен BBB қалды.
Даудың түп-төркіні – Велдкамптың Израильдің Газаға бағытталған қимылдарына қарсы қатаң шаралар қолдануды талап етуі.
Бұған дейін Нидерланды билігі Израиль министрлері Бен-Гвир мен Смотричті persona non grata деп жариялап, Шенген аймағына кіруіне тыйым салуды көздеген.
Таяу Шығыстағы қақтығыс 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС-тың Израильге шабуылынан кейін басталған. Содан бері мыңдаған адам қаза тауып, жүздеген мың адам жараланды.