Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабектің өңірге сапары барысында инвесторлармен және әкімдіктердің өкілдерімен әріптестік мәселелері талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Картоп өсіруге маманданған ірі шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесуден кейін Ә.Тамабек нидерландық компанияның өкілдерімен бірге индустриялық аймақта инфрақұрылымы дайын және жаңа азық-түлік өндірісі салынуы мүмкін индустриялық аймақтағы учаскені қарап шықты.
Сапардың соңында вице-министр Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевпен және "Farm Frites Kazakhstan" ЖШС басшысы Йозеф Боермен кездесті. Тараптар Қазақстанда картоп индустриясын дамыту жөніндегі жоспарларын талқылап, зауыттың болашақта орналасатын жері туралы шешімдерді талқылады.
Жоба жүзеге сәтті асырылатын болса, өңірге көп өндірушілер қажет болады. Осыған орай 10 000 гектар алқапта картоп өсіру бойынша фермерлік шаруашылықтың қосымша жобасын іске асыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігі қарастырылуда, онда барлық тараптардың әлеуметтік-экономикалық міндеттемелері реттеледі және "Farm Frites" компаниясының біріктірілген фри картоп зауытын салу кезінде мемлекеттік қолдау шаралары нақты белгіленеді.
"Farm Frites" (Farm Frites Beheer B. V.) компаниясының өкілдері 5 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның бірқатар өңірінде картоп пен картоп тұқымын тәжірибе ретінде отырғызып келеді. Олар жоғары сападағы және зауыттың қажеттіліктері үшін қажетті көлемдегі картопты жеткізуді, сондай-ақ жергілікті фермерлерді оқытуды көздеп отыр.
Айта кетейік, "Farm Frites" компаниясы 1971 жылы Нидерландыда отбасылық кәсіпорын ретінде құрылды. Негізгі қызметі - картоптан мұздатылған және салқындатылған өнімдер өндірумен айналысады. Компанияның әлемнің 40 елінде 6 зауыты мен 40 сату кеңсесі бар, онда барлығы 1500 қызметкер жұмыс істейді. Компанияның картопты өңдеу көлемі жылына 1,3 млн тоннаға жетеді, өнім әлемнің 80-нен астам еліне экспортталады. "Farm Frites" - әлем бойынша фри өндірісі бойынша төртінші орында тұрған және McDonalds, KFC және басқа да фаст-фуд мейрамханаларының негізгі халықаралық жеткізушілерінің бірі.