Нидерланды барлық пойызды жел энергиясына көшірді

1034

Нидерланды барлық пойызды жел энергиясына көшірді

Нидерланды жел стансасы өндірген энергияны тұтынуға көшкен әлемдегі алғашқы ел атанып отыр, деп хабарлайды "Интерфакс".

2015 жылы NS және Eneco энергетикалық корпорациясы арасында қол қойылған келісім елде теміржол қатынасын 2018 жылдың басында жел энергиясына көшіруді қарастырған болатын.

"2017 жылғы  1 қаңтардан бастап пойыздарымыз 100% жел энергиясымен жүреді. Біз мақсатымызға бір жыл ертерек жетіп отырмыз", – деп мәлімдеді NS-тің баспасөз хатшысы Тон Боон.

Электр стансасының бір сағатта өндіретін электр энергиясы пойыздың 120 миль (190 шақырымнан сәл асады) қашықтықты еңсеруіне жетеді, делінген NS пен Eneco-ның бірлескен мәлімдемесінде. Компания  2020 жылға қарай  жолаушы-шақырымға есептегенде электр энергиясын тұтынуды 2005  жылғы деңгейден 35%-ға азайтуды көздеп отыр.

NS жыл сайын  1,2 млрд кВт жел энергиясын тұтынады. Бұл  жалпы елдегі тұрғын үйлердің тұтыну көлеміне тең. Компанияның пойыздары бір тәулікте шамамен 5,5 мың рейс жасап, 600 мыңдай жолаушы тасымалдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу