Оқиға Маурицхейс мұражайында болды. Суретке зақым келген жоқ.
"Суреттің жағдайын біздің арнайы мамандар тексерді. Әйнектің артындағы картинаға зақым келген жоқ", – деді мұражай өкілі, деп хабарлайды inbusiness.kz NL times-қа сілтеме жасап.
Наразылық акциясының видеосында экобелсенділердің бірі басын суретке жабыстырғанын, ал екіншісі оған бір банка қызанақ сорпасын төккенін көруге болады.
"Сіздің көз алдыңызда әдемі әрі баға жетпес дүние бүлініп жатқанда нені сезінесіз?", – дейді белсенділердің бірі.
Акция қатысушыларында Just Stop Oil ("тек мұнайды аяқтаңыз") деген жазуы бар футболкалар болды. Бұл қозғалыс жаңа мұнай мен газ кен орындарын игеруге қарсы.