Нидерландыда мектепке ұялы телефондар әкелуге тыйым салынады

436

Келесі жылдың басынан бастап Нидерландыдағы оқушыларға мектепке ұялы телефондар, планшеттер мен ақылды сағаттар әкелуге тыйым салынады, деп хабарлады Нидерланды Білім министрі. 

Нидерландыда мектепке ұялы телефондар әкелуге тыйым салынады Фото: cdnuploads.aa.com.tr

NLTimes голландиялық басылымының хабарлауынша, Білім министрі Роберт Дейкграаф сонымен қатар жаңа ережелерді қатысты кейбір жағдайларда сматрфондарды қолдануға болатынын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Студенттер цифрлық дағдыларды игеру барысында, құрылғы пайдаланушыға денсаулығына байланысты қажет болған жағдайда немесе мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдануға рұқсат етіледі.

"Ұялы телефондар біздің өмірімізбен тығыз байланысты болғанымен, сабақ барысында қолданудың қажеті жоқ", — деді ол.

Оқушылар зейінін шоғырландырып, жақсы оқи алуы керек, ал оған смартфондар кедергі келтіреді. Оқушыларды бұдан қорғау қажет, деп атап өтті ол.

Мектептер бағдарламаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырудың жолын табуы керек. Алайда, егер оны іске асыру қиынға түссе немесе әдіс жеткілікті нәтиже бермесе, заңнама 2024 жылдың жазына қарай күшіне енуі мүмкін, деп түсіндірді Нидерландының Білім министрі мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу