Нидерландтық өнертапқыштар ешқандай сиясыз қағазға жазу басып шығаратын құрылғы ойлап тапты, деп хабарлады 24Хабар.
Делфт техникалық университетінен түлеп ұшқан жастар баспа құралы лазер сәулесінің көмегімен жұмыс істейтінін айтады. Енді баспаханалардағы қызмет құны біршама арзандап, сапа артуға тиіс. Қазір өнертапқыштар техника шығарумен айналысатын ірі компаниялармен келісім жасасып, үлкен нарыққа шығуды көздеп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу