Пойыз теміржол жолдарында тұрған құрылыс кранымен соқтығысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті билік кем дегенде бір адам қаза тапқанын, ондаған жолаушы ауыр жарақат алғанын хабарлады. 19 адам ауруханаға жеткізілді, қалғандарына оқиға орнында көмек көрсетіледі, дейді өрт сөндіру бөлімі.
AP агенттігі кранмен соқтығысқаннан кейін пойыздың бірінші вагоны рельстен шығып, жерге құлағанын, екіншісі бүйіріне құлап, үшінші вагонда өрт басталғанын хабарлайды.
Нидерландының NOS қоғамдық хабар таратушысы жазғандай, оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы үш жарымда болған.
Жолаушылар пойызы Гаагадан Лейден қаласына қарай жолға шыққан, ал апат Воршотен қаласының маңында болды.
Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істейді.