Нидерландыдағы компьютерлік ақау мемлекеттік қызметтердің жұмысына тосқауыл қойды

199

Онлайн сервистер жұмысы да тоқтап қалды. 

Нидерландыдағы компьютерлік ақау мемлекеттік қызметтердің жұмысына тосқауыл қойды Фото: canva.com

Компьютерлік ақау Нидерландыда мемлекеттік қызметтерді ұсынатын сервистің, әскери полиция, жағалау күзеті  жұмысына тосқауыл болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты nu.nl. ақпараттық порталына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, жағалау күзеті радио мен телефон арқылы байланысқа шыға алмай қалды, ал әскери полицияда байланыс орталығы мүлдем жұмыс істемеді. Белгілі бір мемлекеттік қызметтерге, атап айтқанда, айыппұлдарды төлеуге және коронавирусқа қарсы вакцинацияға жазылуға мүмкіндік беретін онлайн-сервистерді пайдалануда мәселелер туындады. 

Өз кезегінде NOS телеарнасы байланыс және шұғыл ескерту жүйелері жаппай істен шыққандығы туралы хабарлады. Хабар тарату корпорациясының мәліметі бойынша, проблемалар P2000 және C2000 жүйелерімен байланысты болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу