Ниджат Рахимов Азия чемпионатына қатыспайтын болды

551

Жаттығу барысында ескі жарақаты сыр берген Ниджатты бапкерлер жарыс жолына шығармады.

Ниджат Рахимов Азия чемпионатына қатыспайтын болды

Рио Олимпиадасының чемпионы Ниджат Рахимов Қытайдың Нинбо қаласындағы Азия чемпионатына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Рахимов Азия чемпионатына аттанатын спортшылар қатарына енген болатын. Алайда, жаттығу барысында ескі жарақаты сыр берген Ниджатты бапкерлер жарыс жолына шығарған жоқ. 

Еске сала кетейік, Нинбодағы Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары әзірге екі қола медаль иеленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу