Шілде айының соңында Нигер Республикасында төңкеріс жасаған әскери күштер Алжир, Буркина-Фасо, Ливия, Мали мен Чадпен әуе және құрлық шекараларының ашылғанын жариялады.
26 шілдеде көтерілісшілер Ұлттық теледидардан Мохамед Базумды Нигер Президенті қызметінен босату, Республика шекараларын жабу, коменданттық сағат енгізу, Конституцияны тоқтату, партиялардың саяси белсенділігіне тыйым салу туралы жариялады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу