Нигер халқы мобилизацияға дайындалып жатыр

481

Нигер халқы әскери шапқыншылықты тойтару үшін күш жұмылдырады. 

Нигер халқы мобилизацияға дайындалып жатыр Фото: eadaily

Бұл туралы "Араб Африкасы" Telegram-арнасы хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Нигер астанасы Ниамей тұрғындары Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығы (ECOWAS) басып кірген жағдайда армияға көмектесу үшін бейбіт тұрғындарды жұмылдыра бастады.

Бастама Нигерді қорғау үшін, соның ішінде медициналық және инженерлік-техникалық көмек көрсету үшін бүкіл елден ондаған мың еріктілерді тартуға бағытталған.

Жұмылдыру науқаны 19 тамызда Ниамейде және ЭКОВАС күштері бірінші кезекте кіре алатын бірнеше қалаларда басталады — мысалы, Нигерия мен Бенин шекараларына жақын аумақтарда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу