Хунта жақтастары ел астанасы Ниамейдің орталық көшесіне жиылып, Батыс Африка елдерінің Экономикалық қауымдастығы жариялаған ескертуге қарсы екендерін жеткізді.
Еске салайық, 26 шілдеде Нигер президенттік гвардиясының бұрынғы басшысы генерал Абдурахаман Тиани ел президенті Мұхамед Базумды қамап, өзін мемлекет басшысы деп жариялады. Бұған негізгі аймақтық блок, Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығы санкциялар енгізді және егер сарбаздар президентті жексенбіге дейін билікке қайтармаса, күш қолданатынын мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу