Нигердегі төңкеріс: әскерилер президентті биліктен тайдырғанын мәлімдеді

443

Сондай-ақ олар Конституция мен барлық мемлекеттік институт қызметін уақытша тоқтатқандарын, Африканың батысындағы ел шекарасы жабылғанын хабарлады. 

Нигердегі төңкеріс: әскерилер президентті биліктен тайдырғанын мәлімдеді Фото: AFP

Нигердегі әскерилер ұлттық теледидар арқылы Президент Мұхаммед Базумды биліктен тайдырғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz www.bbc.com порталына сілтеме жасап.

Тоғыз әскери қызметшімен қоршалған генерал-полковник Амаду Абдурахман теледидарда сөз сөйледі.

"Біз, қорғаныс және қауіпсіздік күштері, сіздерге таныс режимге нүкте қоямыз деп шештік. Қауіпсіздік жағдайы нашарлап, экономикалық және әлеуметтік саладағы басқару көңіл көншітпеді", - деді ол.

Амаду Абдурахман сөзінше, министрлік басшылары өздерінің күнделікті жұмыстарын орындауды жалғастырады.

"Барлық сыртқы серіктестерден араласпауды сұраймыз. Теңіз және әуе шекаралары жағдай тұрақтанғанға дейін жабылады", - деп жалғастырды генерал теледидар арқылы жасаған үндеуінде.

Төңкерісшілер сарайда ұстаған Президент Мұхаммед Базумға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш қоңырау шалып, қолдау білдіретінін айтқан.

Ұлттық Отанды қорғау кеңесі деп атайтын жаңа әскери хунта Нигерде жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін коменданттық сағат орнатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу