Нигерияның оңтүстік аудандарындағы су тасқыны салдарынан 76 тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz CNN-ге сілтеме жасап.
Анамбра штатының оңтүстік шығысында деңгейі үйдің шатырына дейін көтерілген тасқын судан қашып құтыламыз деген 80-нен астам адам мінген қайық аударылып қалған.
Қайғылы оқиға бір апта бұрын көршілес солтүстік-орталық Коги штатының бөліктерін басып өткен су тасқынының жойқын зардаптарынан кейін болды.
Нигерияның ұлттық ішкі су жолдары басқармасының мәліметі бойынша, су тасқыны 13,22 метрде тіркелді, бұл 2012 жылғы су тасқыны көрсеткіші – 12,84 метрден асқан.
Нигерия, су тасқыны, қайғылы оқиға
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу