Нигерия жағалауында жергілікті Shebah E&P компаниясына тиесілі Trinity Spirit деп аталатын мұнай өндіретін кемені өрт шалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Әуелі жарылыс болып, артынан кемені қызыл жалын шарпыған.
"Жарылыстың себебін анықтауға қатысты тергеу жүргізілуде. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Кеме бортында 10 адам болғаны белгілі", – деп жазылған компанияның мәлімдемесінде.
Экипаж мүшелері мен мұнай өндіру жобасының мүшелерінің хабар-ошарсыз кеткендер ретінде іздестіріліп жатыр.
Ресми дерек бойынша, кеме Нигерияның оңтүстігіндегі Дельта штатының жағалауында орналасқан. Оның бортында шамамен 2 миллион баррель көлемінде мұнай болуы мүмкін.
Табиғат Нұрболат
Фото: premiumtimesng.com
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу