Нигерия әскері елдің солтүстік-шығысында арнайы операция жүргізіп "Боко Харам" содырларының қолынан 1 мыңнан астам тұтқынды босатты, деп хабарлайды 24.kz.
Шара Камерунмен шекаралас аймақтағы бірнеше ауданда жүргізілді. Оған осы елдің қарулы күштері атсалысты. Операция кезінде әскерилер 35 лаңкестің көзін жойып, көп қару-жарақты қолға түсірген.
Еске сала кетейік, ақпанның 19-ы күні "Боко Харам" содырлары Дапчи ауылына шабуыл жасап, ондағы мектеп-интернаттан 100-ден астам оқушы қызды алып кетеді. Содан бері олардың қайда екені беймәлім. Бұл лаңкестік топ 2014 жылы да Чибок қаласына шабуыл жасап, 276 оқушы қызды ұрлап әкеткен. Соңынан олардың 57-сі қашып шығып, тағы жүзден астамы арнайы операция мен келіссөз арқылы босатылады. Бірақ сол кезде тұтқынға алынған 82 қыздың халі әлі күнге дейін белгісіз.