Нигерияда 80 оқушыны ұрлап әкеткендер ақша талап етуде

846

Соңғы айларда осындай жайттар жиілеп кеткен.

Нигерияда 80 оқушыны ұрлап әкеткендер ақша талап етуде

8 шілдеде Нигерияның Кадуна штатында бір топ мектеп оқушысын ұрлап әкеткен қаскөйлер кепілде қалған 80 оқушыны босату үшін 80 миллион найр көлемінде (194 мың доллар) қаражат талап етіп отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Елдегі христиан қауымдастығының жергілікті филиалының төрағасы Джозеф Хаябтың айтуынша, олар әр оқушы 1 миллион найр сұраған. 

25 шілдеде 28 оқушының босатылғаны туралы хабарланған еді. Бастапқыда қарақшылар бүкіл топ үшін 60 миллион найр (150 мың доллар) керек деп шарт қойған еді. 

Нигерияда соңғы айларда осындай жайттар, яғни университеттер мен мектептерге жасалған шабуылдар жиілеп кетті. 2021 жылдың басынан бері елдің әр түкпірінде мыңнан астам студент мен оқушы ұрланған. Жергілікті билік наурыз айынан бастап Нигерияның солтүстігіндегі 1,5 мыңнан астам мектепті жауып тастады, оқушылар қауіпсіз аудандардағы мектептерге ауыстырылды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: pixabay.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу