Нигерияда бір апта ішінде 50-ге жуық адам өлтірілді

596

25 шілдеде Абуджадағы президент әкімшілігінің күзетіне жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан кемінде бес әскери қызметкер қаза тапты.

Нигерияда бір апта ішінде 50-ге жуық адам өлтірілді

Нигерияда қауіпсіздік мәселелерінің көбеюі салдарынан өткен аптада кем дегенде 49 адам өлтірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. Оның тоғызы – әскерилер, бесеуі – полиция қызметкері.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 24-30 шілде аралығында елдің бірқатар аумағына қарулы шабуылдар жасалды.

Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Бабагана Монгуно Нигерияның ұлттық қауіпсіздік кеңесі тұрақсыздықты еңсерудің жаңа стратегиясын жасап жатырғанын мәлімдеді.

Бұл елде соңғы кездері "Боко Харам" террористік ұйымының шабуылдары жиілеп кетті. Осыған байланысты үкімет ел астанасының барлық мектептеріндегі жұмысты уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. 25 шілдеде Абуджадағы президент әкімшілігінің күзетіне жасалған шабуыл салдарынан кемінде бес әскери қызметкер қаза тапқан болатын. 

Табиғат Нұрболат 

Фото: cfr.org

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу