Нигерияның Лагос штатының жағалауында қайық апатынан қаза тапқандар саны 17-ге жетті. Бұл туралы Лагостағы Төтенше жағдайлар жөніндегі Ұлттық агенттіктің (FEMA) өкілі Ибрахим Фаринлойе мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 15 адамның мәйіті табылған.
Фаринлойе бірнеше адамның әлі де іздестіріліп жатқанын жариялады.
Жолаушылар қайығы 8 шілдеде Лагос жағалауында батып кеткен болатын. Бастапқыда екі адамның қаза болғаны, тағы 16 адамның хабар-ошарсыз кеткені хабарланған болатын.
Табиғат Нұрболат
Фото: aa.com.tr
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу