Нигерияда коронавирустың жаңа штамы табылды

1150

Әзірге оның тез таралатыны не таралмайтыны туралы мәлімет жарияланбады.  

Нигерияда коронавирустың жаңа штамы табылды

Нигерияда COVID-19 дертінің жаңа штамы табылды. Бұл туралы Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мәлім етті. Қазір ғалымдар оны зерттеп жатыр. 

"Бұл елде табылған вирус штамының бұл түрі әлі жеткілікті түрде зерттелген жоқ. Зерделеу жұмыстары басталып кетті. Ол Британия мен ОАР-да анықталғандарға ұқсамайды",– дейді орталық өкілі.

Associated Press агенттігінің дерегінше, вирустың бұл түрі Нигерияның Осун штатында 3 тамыз бен 9 қазанда екі науқастың ағзасынан алынған сынаманы зертеу кезінде тіркелген. Әзірге оның тез таралатыны не таралмайтыны туралы мәлімет жарияланбады.

Еске сала кесек, 14 желтоқсанда Британияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок елде вирустың жаңа штамы табылғанын мәлім еткен еді. Оның айтуынша, бұл фактор COVID-19 дертінің Англияның оңтүстік-шығысында тез таралуының себебі болуы мүмкін. Ғалымдар жаңа штамм бұрынғысына қарағанда тез тарайтынын мәлім етті.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу