Нигерияда лаңкестік шабуылдан 27 адам қаза тапты

903

Нигерияда лаңкестік шабуылдан 27 адам қаза тапты

Нигерияның Муби қаласында лаңкестік шабуыл жасалып, 27 адам қаза тапты. Тағы 56-сы жараланған, деп хабарлайды 24.kz.

Соңғы мәліметтерге қарағанда қастандықты екі жанкешті жасаған. Алғашқы жарылыс шаһардағы мешітте болды. Іле шала шамамен екі жүз метрдей жерде екінші жанкешті өзін жарып жіберген.

Жергілікті арналардың хабарлауынша, жараланғандардың арасында ауыр халде жатқандар бар. Сондықтан марқұмдар саны әлі де артуы мүмкін.

Қазір жапа шеккендердің барлығы жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілген.

Әзірге шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойындаған жоқ.

Айта кетейік, 26 сәуіркүні осы елдегі Майдугури қаласында жарылыстан 4 адам ажал құшқан еді. Ол кезде террорлық шабуылды "Боко Харам" лаңкестік тобы мойнына алды. Радикалды ұйым 2009 жылдан бері Африканың батысындағы бірнеше мемлекетте әрекет етеді. Олар батыстық білім беру жүйесіне қарсы шығып, аймақта шариғат ережелерімен жүретін мемлекет құруды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу