Нигерияда лаңкестік шабуылдан 65 адам мерт болды

1225

"Боко Харам" лаңкестік ұйымы көліктер мен мотоциклдерге мініп, жиналған жұртқа оқ жаудырған.

Нигерияда лаңкестік шабуылдан 65 адам мерт болды

Нигерияда жерлеу рәсімі кезінде "Боко харам" тобының содырлары шабуыл жасап, салдарынан 65 адам қаза тапты, Бұл туралы Al Jazeera агенттігі хабарлады. 

Ресми дерек бойынша, лаңкестер мотоциклмен жергілікті Борно штатындағы ауылға келіп, жерлеу рәсімінен қайтып келе жатқан тұрғындарға оқ жаудырған. Кемінде 10 адам жарақат алды. 

Ел президенті Мохаммед Бухари лаңкестердің әрекетін айыптап, әскерилерге шабуыл жасағандарды дереу іздестіруге бұйрық берді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қыркүйегінде "Боко Харам" тобының шабуылынан 30 нигериялық әскери ажал құшқан болатын. 

Бұл ұйым батыстық білім беру жүйесін жойып, шариғат жолын үйретуді көздейды. Лаңкестік топ Нигерия, Камерун, Чад сынды бірнеше елде қастандық әрекеттер ұйымдастырып келеді. Ал 2015 жылдың наурызында "Ирак пен Левант" лаңкестік ұйымымен байланыс жасап, сол ұйымға адал қызмет етуге ант берген еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу