Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында лаңкестік әрекет салдарынан 15 адам қаза тауып, тағы 43 кісі жараланған, деп хабарлайды 24.kz.
Оқиға Майдугури қаласына жақын жердегі Машимари ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, үш жанкешті жиналып тұрған шаруалардың ортасына еніп, өздерін жарып жіберген. Әзірге шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Бірақ полиция терактіні "Боко Харам" лаңкестік тобы ұйымдастырды деп отыр. Өйткені Борно аймағында осы топтың содырлары шабуылды жиі ұйымдастырады. 2009 жылдан бері солар салған сойқаннан 20 мыңнан астам адам қаза тауып, 2 млн-ға жуық тұрғын босып кеткен. Ал радикалды ұйым Чад көлі аймағында шариғат заңына бағынатын ел құруды көздейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу