Нигерияның солтүстігіндегі Джигава штатында жанармай тасымалдаушы көлік аударылып, жарылып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға салдарынан 94 адам қаза тауып, 50-ге жуық адам жарақат алды. Қаза тапқандардың денесін күйік шалғаны сонша, оларды анықтау мүмкін болмаған.
"Біз бензин тасымалдаушы көлікке ешкімнің жақындамауы үшін бар күшімізді салдық, бірақ оқиға орнын қоршағанымызға қарамастан, адамдар жанармай жинауға кіріп кетті, одан кейін өрт шықты", - деді жергілікті полиция өкілі.
Нигериялық The Whistler басылымы штат полициясына сілтеме жасап 105 адамның қаза тапқанын хабарлады. Көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Ол тергеуге дейін қамауға алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу