Нигериядағы кеме апаты 20 адамның өмірін жалмады

11 адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілген. 

Нигериядағы кеме апаты 20 адамның өмірін жалмады Фото: Анадолы

Нигерияның Бенуэ штатында жолаушылар кемесі суға батып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Бенуэ штатының полиция өкілі Кэтрин Анэненің мәліметінше, ағаш қайық Игату ауданындағы Бенуэ өзеніне батып кеткен. Ондағы адамдардың базардан келе жатқаны белгілі болған. 

Іздеу-құтқару жұмысынан соң, 20 адамның денесі табылған, 11 адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілген.

Тергеу амалдары жалғасуда. 

Сондай-ақ, Майоттадағы жойқын циклоннан құрбан болғандар саны өсуі мүмкін болып отыр. 

Жергілікті әкімшілік басшысы Франсуа-Ксавье Бьевиль БАҚ өкілдеріне қираған дүниелердің ауқымы анықталған соң, қайтыс болғандар саны артатынын жеткізген. 
Жалпы, бұл табиғи апат салдарынан жүздеген адам құрбан болғаны хабарланған еді, десе де олардың саны мыңдаған адамға жетуі болжанды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу