Нигерияның оңтүстік-шығысында Абия штатындағы мұнай құбыры жарылысынан қаза тапқандар саны 24 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін қаза болған 16 адам жөнінде хабарланған еді.
Punchng басылымының жазуына қарағанда, 14 адам Умуимо елдімекенінде, тағы 10 адам Умудуруда көз жұмған.
Бастапқы мәліметтерге сәйкес, жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде жоғары қысымды құбырдан мұнай ағып кеткен. Кейін ол жерде алапат өрт шыққан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу