Нигерияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі Адамава штатындағы мешітте террорист өз-өзін жарып жіберді. Полицияның мәліметінше, жарылыс "Боко Харам" исламистік тобымен байланысты, деп хабарлайды Today.kz.
Мешіттегі қайғылы оқиға Нигерияда осы жылы жасалған ең үлкен теракт болып отыр.
The Telegraph басылымының хабарлауынша құрбан болғандар саны 50-ге жеткен. Сонымен қатар жарақат алғандар да көп.
2015 жылы Адамава штаты террористерден тазартылған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу