Нигериялық екі азамат шартты түрде түрмеден босатылды

1045

Нигериялық екі азамат шартты түрде түрмеден босатылды

АҚШ ақшасын қолдан жасап, қазақстандықтарды алдамақ болғандар түрмеден шартты түрде босатылды. Былтыр алаяқтығы үшін сотты болған екі нигериялық азамат биыл Шымкенттің әлеуметтік оңалту орталығының тұрғыны атанды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Шартты түрде бостандыққа шыққан шетелдіктердің отанына қайтуға құқы жоқ. Сондықтан да Шымкенттегі әлеуметтік оңалту орталығына орналастырылған. 

"Қазір қазақшаны бір кісідей үйреніп алдым. Жұмыс іздеп, нан сұрап алатындай деңгейде ауызекі қазақша сөйлесе аламын. Бар ойым Нигерияға кету. Онда әйелім бар, бала шағам күтіп отыр. Жазамның қалған бөлігін сонда өтесем деймін", - дейді нигриялық азамат Обах Жозефт.

Нигериялық алаяқтар сот шешімімен 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылған еді. Түрмеде тігіс тігуді меңгеріп, қазақ тілін үйреніп үлгіріпті. Темір тордан үлгілі тәртібі үшін мерзімінен бұрын бостандыққа шартты түрде шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу