Нигериялық штамға вакцина әсер етпеуі мүмкін

1030

Штамм өткен жылғы желтоқсанда анықталды.

Нигериялық штамға вакцина әсер етпеуі мүмкін

Италияның солтүстігіндегі Ломбардия провинциясының Брешиа қаласында коронавирустың жаңа түрі, нақтырақ айтқанда "нигериялық" штамм тіркелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Ansa агенттігіне сілтеме жасап. 

Италиялық вирусологтар қоғамының президенті әрі микробиологиялық зертхананың директоры Арнальдо Карузоның айтуынша, бұл штамм мутацияға ұшырайды және оған қазіргі вакциналар әсер етпеуі мүмкін.

Нигерияда өткен жылғы желтоқсан айының соңынан бастап коронавирустың жаңа түрі туралы мәлімет тарай бастады. Африканың ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының дерегінше, штамм Нигерияның Осун штатындағы екі пациенттің сынамаларын зерттеу кезінде анықталған.

Коронавирустың "британиялық" штамы былтыр қыркүйек айында, "оңтүстікафрикалық" штамм қазанда, "бразилиялық" штамм 2021 жылы қаңтарда табылды.

Табиғат Нұрболат

Фото: bangkokpost.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу