Нигерияның солтүстік-батысындағы Сокото штатындағы Шагари өзенінде қайық аударылып, 15 адам қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.
Жергілікті әкімшіліктің өкілі Алий Абубакар айтуынша, қайық Данди ауылынан шыққан.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, зардап шеккендердің саны артуы мүмкін, деп атап өтті ол.
Нигерияда жаңбырлы маусымда өзендерде қайықтар мен паромдардың батып кетуі жиі тіркеледі.
Бұған дейін Замфара штатында жолаушылар паромын су басу салдарынан сегіз адам қаза тапқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу