Ниқаб және бұрқа кигендерге 113 мың теңге көлемінде айыппұл салынатын болды

1121

Ниқаб және бұрқа кигендерге 113 мың теңге көлемінде айыппұл салынатын болды

Қазақстанның дін істері жөніндегі комитет төрағасы ниқаб және бұрқа киген азаматтарға 113 450 теңге көлемінде айыппұл салынатынын хабарлады, деп жазады islam.kz.

Қазақстанның дін және азаматтық қоғам министрлігінің дін істері жөніндегі комитеттің басшысы Еркін Оңғарбаев бұл елде ниқаб және бұрқа кигені үшін 113 450 теңге көлемінде айыппұл салынатыны жайлы айта келе: "Бұл шаралардың дінге қатысы жоқ. Оларды жүзеге асыру ел азаматтарының қауіпсіздігі үшін қажет. Қоғамдық жерлерде ниқаб, бұрқа және шаңғы маскасын кию тәртіп сақшылары үшін жеке тұлғаны анықтауға кедергі жасап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының тиімділігін төмендетті",- деп мәлімдеді.

Жаңа заңға сәйкес, қоғамдық мекендерде тек медициналық маскаларды, ал қауіпсіздік маскаларын жұмыс орындарында киюге ғана рұқсат етіледі.

Шаңғы маскасын тек спорт кешендерінде ғана киюге болады. Кері жағдайда 113 450 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Қазақстанда ниқаб немесе бұрқа киюге тек дипломаттарға ғана рұқсат етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу