Никарагуа шаруалары екі мұхитты жалғайтын арна салуға қарсы

1256

Никарагуа шаруалары екі мұхитты жалғайтын арна салуға қарсы

Никарагуа билігі екі мұхитты жалғайтын су арнасын салмақ. Алайда шаруалар ел басшылығының мұндай шешіміне түбегейлі қарсы. Оған себеп те көп. Ал билік Никарагуа каналының елге тигізер пайдасы ұшан-теңіз екенін алға тартады, деп хабарлайды 24.kz.

Үкіметтің қолға алып отырған бұл жобасы Тынық және Атлант мұхиттарын жалғайтын үлкен әрі терең су арнасы болуы тиіс. Бірақ осы өңірдегі шаруа қожалықтары оған қарсы. Себебі фермерлер жерінен айырылады. Әрі Никарагуа көлінің экологиялық жүйесіне және тағы бірнеше табиғи қорыққа нұқсан келеді.

"Менің ойымша, Никарагуа арнасы – бос сандырақ жоба. Президент Даниэль Ортега адамдардың жерін тәркілеп, үлкен қателік жасап отыр", - дейді құқық қорғаушы Бьянка Джаггер.

Наразылық танытушылар биліктен №840 заңды қайта қарап, жоюды сұрайды. Өйткені құжатқа сәйкес Никарагуа гонконгтық компанияға каналды 50 жылға жалға беретіні айтылған.

Ал билік құны 50 млрд долларға есептелген Никарагуа арнасы көрші Панама еліндегі каналға бәсекелес болады дейді. Ені кең әрі терең қазылатын арна теңіз қатынасын едәуір жеңілдетуі тиіс. Бұдан бөлек миллионға жуық жұмыс орны ашылып, елдің ішкі жалпы өнімі 15%-ға өседі. Алайда табиғатты қорғаушылар жоба жүзеге асса, 400 мың гектар тропикалық орман кесіліп, экологиялық апатқа ұрынамыз дегенді айтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу