Никарагуа астанасы Манагуа қаласында тағы да ереуіл болып жатыр. Ондаған адам шаһар көшелеріне шығып, үкіметтің отставкаға кетуін және елде белең алған зорлық-зомбылықтың тоқтатылуын талап еткен, деп хабарлайды 24.kz.
Наразылық шаралары сәуір айының ортасында басталды.
Еске сала кетейік, халықтың ашынуына үкіметтің әлеуметтік сақтандыруға байланысты қабылдаған жаңа реформасы түрткі болды. Кейін наразылық акциясы нәтижесінде, бұл заңнаманың күші жойылғаны мәлімделді. Алайда ереуілшілер сонда да риза емес.
Соңғы дерек бойынша, ереуілдер салдарынан кемінде 309 адам көз жұмған. Жүздеген кісі түрлі деңгейде жарақат алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу