Никарагуада мыңдаған адам ереуілге шықты

553

Никарагуада мыңдаған адам ереуілге шықты

Никарагуаның Масая қаласы көшелеріне мыңдаған адам ереуілге шыққты. Олар үкіметтің отставкаға кетуін және наразылық шарасы барысында көз жұмғандардың өліміне кінәлілерді ұстауды талап етіп отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Дерек бойынша, шерудің соңы күштік құрылым өкілдерімен қақтығысқа ұласып, салдарынан бір ер адам қаза тапқан. Оқиға болған ауданды полицейлер қоршауға алды.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік сақтандыру реформасына қарсы жаппай ереуілдер 18 сәуірде басталған еді. БҰҰ-ның дерегі бойынша, бас көтерулер кезінде 50 шақты адам ажал құшқан, 400-ден астамы зардап шеккен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу