Никель саудасы бәсеңдеді

Лондон металл биржасында никель саудасы күрт төмендеді.  

Никель саудасы бәсеңдеді Фото: investing.com

Осыдан бір жыл бұрын сауда тоқтап қалған сәттен бері жағдай тұрақталмады.

Блумберг агенттігінің хабарлауынша, 2022 жылдың басында никель бағасы бірден 3,5 есе өсіп, тоннасы 100 мың доллардан асып кеткен еді.

Былтырғы 8 наурызда Лондон биржасы оның саудасын тоқтатқан. Арада бір апта өткенде ғана нарық қайта ашылып, бағасын тек 5% төңірегінде ғана өзгертуге шектеу қойылды. Кейін бағаны 15%-ға дейін құбылтуға рұқсат етті.

Осылайша соңғы бір жылда никель бағасы 20%-ға арзандады.

Қазіргі бағасы тоннасына 23 974 доллар тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу