Армения президенті Ваагн Хачатурянның жарлығымен Никол Пашинян Армения Республикасының премьер-министрі болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Armenpress агенттігіне сілтеме жасап.
"Конституцияның 149-бабының 1-бөлігіне сәйкес Никол Пашинян Армения Республикасының премьер-министрі болып тағайындалсын", – делінген құжатта.
Еске салайық, 2 тамызда Арменияда 7 маусымда өткен парламент сайлауының қорытындысы бойынша жасақталған жаңа парламенттің алғашқы отырысы өтті. Ел Конституциясына сәйкес, жаңадан сайланған парламенттің алғашқы отырысы өткен күні үкімет өкілеттігін тоқтатуы тиіс.
Осыған байланысты Никол Пашинян үкіметтің отставкаға кетуі туралы өтінішін президентке жолдап, кейін ол Президент әкімшілігіне тапсырылды. Президент Ваагн Хачатурян үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.
Бұдан кейін Конституция талаптарына сәйкес президент парламентте көпшілік орынға ие саяси күш ұсынған кандидатты премьер-министр қызметіне тағайындауы керек болды. Парламенттегі басымдыққа ие "Азаматтық келісім" партиясы бұл лауазымға қайтадан Никол Пашинянның кандидатурасын ұсынды. Конституция талаптарына сәйкес президент аталған кандидатураны бекітті.