Никол Пашинян Астана төрінде қазақша ән тыңдап, жүрек белгісін көрсетті

Ол қазақстандық BAYANSULU тобының "Aua rai" әнін тыңдап отырған сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.    

Никол Пашинян Астана төрінде қазақша ән тыңдап, жүрек белгісін көрсетті Фото: Видеодан скриншот

Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның бұл бейнежазбасы Астана қаласында түсірілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол видеода қос қолымен жүрек жасап, оқырмандарына ризашылығын білдірген. Роликтің фонында қазақстандық BAYANSULU тобының "Aua rai" әні шырқалып тұрғанын есту қиын емес.

– Қайырлы таң, күндеріңіз сәтті өтсін! Баршаңызды жақсы көремін, Aрмения-Қазақстан! – деп жазды Пашинян.

Бейнежазба әлеуметтік желі қолданушыларының назарын ерекше аударған. Қазақстандықтар Никол Пашинянға "Қош келдіңіз!" деп ықылас білдіріп, Армения мен Қазақстанның қарым-қатынасы туралы жазуда.

Тиісінше, армяндық желі қолданушылары да жағымды пікір қалдырып жатыр.

Бұған дейін Президент Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды Ақордада қарсы алғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу