Оның айтуынша, Армения мен Еуроодақ арасындағы қазіргі ынтымақтастықтың ЕАЭО аясындағы міндеттемелерге қайшы келмейтінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Никол Пашинян ЕАЭО шектеулер кеңістігі ретінде қарастырылмауы тиіс екендігіне тоқталды. Премьер ұйымға мүше елдердің үшінші мемлекеттермен әріптестігі "бірі ұтса, бірі ұтылады" қағидатымен бағаланбауы қажет екенін айтты.
Сондай-ақ ол ЕАЭО-ның тартымдылығы ұйым ішіндегі келісімдердің сақталуы мен мүше мемлекеттердің егемен құқықтарын құрметтеуге байланысты екенін атап өтті.
Н.Пашинянның мәліметінше, Армения 2025 жылы ЕАЭО-ның ортақ кедендік баждар бюджетіне шамамен 319 миллион доллар аударып, өз үлесіне 175 миллион доллар алған.
"Осылайша, Армения ортақ бюджетке алғанынан әлдеқайда көп қаражат аударды. Бұл – біздің жауапты ұстанымымыз бен ЕАЭО аясындағы міндеттемелерімізді адал орындайтынымыздың тікелей дәлелі", – деді Пашинян.