Никол Пашинян ҰҚШҰ саммитіне қатыспайды

335

Аталмыш іс-шара Минск қаласында өтеді.

Никол Пашинян ҰҚШҰ саммитіне қатыспайды Фото: РИА Новости

Армения үкіметі Никол Пашинянның 23 қарашада Минскіде өтетін ҰҚШҰ саммитіне қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

"Беларуссия тарапының бастамасымен Армения премьер-министрі Николь Пашинян Беларуссия президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Армения премьер-министрі Беларуссия Президентіне ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатыса алмайтынын хабарлады. Сондай-ақ, ҰҚШҰ-дағы әріптестер бұл шешімге түсіністікпен қарайды деген сенім білдірді", - делінген үкімет баспасөз қызметінің парақшасында.

Сонымен қатар, Пашинян мен Лукашенконың 23 қарашада Минскіде жоспарланған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысын ұйымдастыруға байланысты мәселелерді талқылайтыны атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу