Николаевтағы кеме жасау зауытында Украинаның 350-ден астам әскери қызметкері қаза болды

4828

20 әскери техника жойылды.

Николаевтағы кеме жасау зауытында Украинаның 350-ден астам әскери қызметкері қаза болды

Николаевтағы кеме жасау зауытына Ресейдің әуе кемелері соққы жасап, салдарынан Украинаның 350-ден астам әскериі қаза болды, 20 техника жойылды.

Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Николаев қаласындағы кеме жасау зауытының аумағында жоғары дәлдіктегі әуе зымырандарының көмегімен Украинаның "Каховка" деп аталатын жедел-тактикалық тобының резервіндегі 350-ден астам әскери мен 20 әскери техника жойылды", – деді Конашенков.

Оның айтуынша, Ресей Федерациясының әуе-ғарыш күштерінің Николаевтың шығыс бөлігіне жасаған шабуылынан Украина Қарулы күштерінің 70 қызметкері ажал құшқан. Сондай-ақ өздігінен жүретін 2С1 "Гвоздика" деп аталатын 10 гаубица істен шықты.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу