АҚШ соты Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен әйелі Силия Флорестің ісін 2027 жылдың 1 маусымынан бастап қарайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тараптардың өтініштері бойынша тыңдау биыл 17 қарашаға жоспарланған. Дегенмен, сот отырысының кестесі өзгеруі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Мадуро мен жұбайы осы жылдың басында Венесуэладан қамауға алынып, АҚШ-қа әкелінген болатын. Оларға халықаралық есірткі саудасына қатысы бар деген айып тағылды. Бірақ өздері кінәсізбіз деп санайды.
Егер айыбы толық дәлелденсе, Мадуро өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілмек. Әйелі сыбайлас ретінде айыпталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу