Николя Саркози 1 жылға сотталды

750

Ол жазасын түрмеде емес, үйде өтейді. 

Николя Саркози 1 жылға сотталды

Париж соты Францияның бұрынғы Президенті Николя Саркозиді 2012 жылғы сайлау науқанын заңсыз қаржыландыру ісі бойынша бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Inbusiness.kz BFMTV телеарнасына сілтеме жасап.

Саясаткерге жазасын түрмеден тыс жерде өтеуге мүмкіндік берді. Ол енді үй қамағында болады. Қолына электронды білезік тағылады. 

2007 жылы Саркози "L'Oreal" деп аталатын француз компаниясының мұрагері Лилиан Беттанкурмен кездесіп, одан 150 мың еуро көлемінде қолма-қол ақша алған еді. Ол бұл қаражатты өзінің сайлау алдындағы науқанды қаржыландыру үшін пайдаланған деген ақпарат тараған болатын. Франция заңы бойынша, үміткерлерге 4,6 мың еуродан көп қаражат алуға тыйым салынған.

Наурыз айында Саркози үш жылға сотталды, оның екі жылы – шартты түрде.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу